Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі Facebook желісінде хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Жануар есігі құлыпталмаған автомобильге отырған, осы кезде кенеттен есік жабылып қалған. Аю көліктен шығуға талпынғанда көліктің жылдамдық тұтқасына тиіп кетіп, көлік жүріп кеткен. Автомобиль төбеге шығып, ағашқа соғылған. Осыдан кейін жыртқыш салоннан шыға алған.

Осындай ерекше жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік қатты зардап шеккен. Ал аю қашып кеткен. Полиция баспасөз қызметі жергілікті тұрғындарды көлік құралдарын ашық қалдырмауға шақырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: