Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Универсиадада 50 метрге брасс әдісімен жарысудан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, - деді баспасөз қызметінде. – Павлодарлық Аделаида Пчелинцева өз тобында үшінші орын алса, жалпы есепте бесінші орынмен финалға өтті.

Спортшы аталған қашықтықты 31.33 секундта жүзіп өтіп, өзі орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты.

Жүзудің бұл түрінде әзірге бразилиялық Дженифер Алвес көш бастап тұр.

Бұған дейін Ақтөбедегі ел біріншілігінде Пчелинцева аталған қашықтықты 31.81 секунд уақыт көрсеткішінде жүзіп өткен.

Айта кетейік, Неапольда өтіп жатқан жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындарына Павлодар облысынан 5 спортшы қатысуда. Дамил Сүтжанов пен Сергей Русак жеңіл атлетикадан, Аделаида Пчелинцева мен Иван Карпов жүзуден, Анастасия Островская таеквондодан жарыс жолына шығады.

Оразбек Саяхат
Фото: olympic.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жүзу, Аделаида Пчелинцева, рекорд, спорт