Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Бұл сирек суретті Фейсбуктегі парақшасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жариялады.

«Бұл Росомаха фильміндегі Хью Джекман емес. Бұл Қатондағы нағыз құну! Бұл Қатонқарағай мемлекеттік табиғи паркінде фототұзақтың түсірген кадры!» - деді Сәкен Ділдахмет.

Айта кету керек, құну сусар текті жануарлардың бір түрі.

Қазақстанда Оңтүстік Алтай тауындағы самырсын, майқарағай, қайың өскен ну ормандар мен тау өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Құну терісі бағалы жыртқыш.

Ол әйелдердің қысқы киімінің жағасына, бас киім тігуге пайдаланылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: