Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ол үйінен 950 000 ақшалай қаражат, алтын бұйымдар, екі әйелдер тонын ұрлап кеткені жөнінде шағымданды. Шығын сомасы шамамен 3 миллион теңгені құрады. Оқиға орнына тергеу жедел тобы іздестіру итімен шыққан. Оқиға орнынан қолдар мен аяқ-киімнің іздері, құлып зерттеуге тапсырылды. Көршілерден жауап алынды. Бірақ пәтерде бөтен адамның болғаны байқалмады, - дейді департаментте.

Тексеру барысында криминалдық полиция қызметкерлері «жәбірленуші» ұрлық туралы жалған сөйлегенін анықтады. Кейін қаскүнем өзіне ақша керек болғаны жөнінде түсіндірді. Ол мұндай соманы бір жыл бұрын досына қарызға берген, ал ол бір жағдайға байланысты сұрап қалғанда бірден қайтаруға уәде еткен.

Ер адам алтын бұйымдарды биылғы жылы 3 шілдеде ломбардқа тапсырғаны және ол кепілдік билетімен дәлелденетіні, ал тондар анасында екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер өтініш берушінің байланыс ортасын, соның ішінде оның достары мен туыстарын сұрастырды.

Қазіргі уақытта ұрлау және біле тұра жалған ақпарат беру фактісі бойынша өтініш берушінің өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам