Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ПОФ-ның директоры Талғат Баилов айтты.

- Оның ішінде екінші нарық және мемлекеттік бағдарламалар да бар, - дейді Талғат Баилов. - 16 жылдың ішінде банктің филиалында кепілдік мүлкін тартып алу фактісі болмаған. Себебі, клинеттер үшін өте қолайлы жағдай жасалған және кредитке дұрыс мониторинг жүргізіледі.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисовтың айтуынша, соңғы үш жылда өңірде 711 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа енгізілген. Жыл сайынғы өсу қарқыны орташа есеппен 20 пайызды құрайды.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 85,1 мың шаршы метрді құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 81,1 мың шаршы метр болған.

- «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінен 2 463 пәтерден тұратын 26 тұрғын үй тапсырылған, - дейді Рүстем Раисов. – Оның ішінде 17-сі кредиттік, бесеуі арендалық және төрт үй «Бәйтерек Девелопмент» арқылы ұсынылған. Биыл көп қабатты 14 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Оның тоғызы кредиттік болса, бесеуі - арендалық. Павлодар қаласындағы Сарыарақа шағын ауданында екі үй мен Екібастұзда бір үй 2020 жылға қалады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам