Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Әнші Қазақстан президентінің жолдаған эстафетасын зор қуанышпен қабыл алғанын жеткізді.

Димаш Құдайберген эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге, Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутойға және өзінің тыңдармандарына жолдады.

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. «Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым. #dears-тарға жолдаймын», - делінген Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасында.

pavlodarnews.kz

Тэги: