Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыста қару және жарылғыш құрылғылар арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу мақсатында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

- Азаматтық қаруды сақтау, қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 47 азаматтық қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді баспасөз қызметінде. – «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақсу қаласы полицейлері Павлодар қаласының 51 жастағы тұрғынынан шаруа қожалығының бір вагонында заңсыз сақталған 12 калибрлі тегіс бір ұңғылы мылтықты тәркіледі.

Сондай-ақ, Ертіс ауданының полицейлері 63 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінен «ТОЗ-8» маркалы мылтығы тәркіленді. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Осы факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.

Барлық алынған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ақсу, қару, ПД