Бұл туралы BAQ.KZ Алтайньюс-қа сілтеме жасап хабарлады.

«Бізге қала тұрғынының үй ауласына қарасора өсіргені туралы ақпарат жетті. Норкологиялық диспансердің тексеруінен кейін оның өзі сол шөпті қолданғаны да белгілі болды. Күдікті қазіргі таңда еш жерде жұмыс істемейді. Бұрын істі болған адам екен. Оның үстінен тыйым салынған шөпті өсіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ал зиянды өсімдік сараптамаға жіберілді», - деді қалалық полиция басқармасының маманы Айдос Жұманов.

Оның айтуынша, өткен жартыжылдықта қалада 29 қылмыстық жағдай тіркеліп, 50 келі 248 грамм есірткілік шөптер тәркіленген.

«Қазіргі уақытта жаңа наркотикалық заттар тізімі жарияланды. Оған спайс және химиялық жолмен дайындалған тұз да енгізілді», - деді тәртіп сақшысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: