Өңір басшысының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты талқылаған , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

СҚО Ауғанстан елiмен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Жарты жылдың ішінде облыс 13 млн долларлық 60 мың тонна өнiм жөнелттi. «Бiздiң облыс үшiн Ауғанстан экспорт бойынша басты серiктесiмiз. СҚО экспортының 28% Ауғанстанға тиесiлi. Бiз сiздерге бидай және майлы дақылдарды, ұнды және экологиялық таза өнім - биоэтанолды жеткiзуге дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов. Ауғанстан елшiсi мемлекеттiк қорға солтүстікқазақстандық бидай сатып алуға дайын екенін хабарлады. «Бiз мемлекеттiк қорды 4 жылға қамтамасыз ету үшiн солтүстiкқазақстандық бидай алуға дайынбыз. Қазiр бiздiң сұраныс жылына 1,6 млн тоннаны құрайды. Меморандум жасауға дайынбыз. Бiз сiздерге көкөнiс, жемiс-жидек және басқа да тауарларды жеткiзе аламыз», — дедi елшi Мұхаммад Фархат Азими. Өңiр басшысы Ауғанстаннан қысқы уақытта көкөнiс жеткiзудің солтүстік өңірдің азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететінін атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: