Бұл туралы ҚазАқпарат  тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

12 шілде күні сағат 22:30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында жеке үйге жақын маңда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылғы бүлдіршін су ағатын арыққа құлап түсіп, батып кетті. «Құрметті азаматтар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Су айдындарында, жолда, үйде балалардың жүріс-тұрысын қадағалап, оларға қауіпсіздік ережелерін үйретіңіздер. Қас-қағым сәтте оларды жалғыз қалдырсаңыздар, өмірлеріне қауіп төнуі мүмкін», - деп ескертті ТЖК. 

pavlodarnews.kz

Тэги: