Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствода атап өткендей, қазір 3512 жеке тұрғын үй және көппәтерлі тұрғын үй нысанында жұмыстар жүріп жатыр (бір күн бұрын 3232 нысан). Онда 5346 құрылысшы және 231 арнайы техника жұмылдырлды. «Осылайша, құрылысшылар бір тәуліктің ішінде 280 үйді жөндеуден өткізді. Сондай-ақ, 1610 құрылысшы 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру, 6 – денсаулық сақтау және 3 спорттық нысан) қалпына келтіріп жатыр», - делінген хабарламада.

ҚР ИИДМ басшысының бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын үйлерге мониторинг жүргізіліп, құрылыс жұмыстарына бақылау жасалуда. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, зақымдалған және қираған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін берілуі тиіс.

pavlodarnews.kz

Тэги: