Бұл туралы Аққулы ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлы мәлім етті.

- Ғалымбек Жұмабаев отбасымен бірге жағажайға демалуға барған, - дейді Аманжол Еренұлы. – Сол кезде І, ІІ курс студенттерінің жағада серуендеп жүргенін көзі шалып қалған. Тәртіп сақшысы енді бір қараған сәтте олардың суға батып бара жатқанын көріп қалып, дереу әрекет етуге кіріскен.

Полиция қызметкері алдымен алысқа кетіп қалған қыз баланы жағаға шығарып алып, соңынан дереу үшеуіне көмек көрсетуге асыққан. Жастарға медициналық қызмет көрсеткен. Студенттер естерін жинағаннан кейін мұндай серуеннің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, үйлеріне жіберген.

Ғалымбек Жұмабаев ішкі істер органында 10 жылдан астам жұмыс істейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Аманжол Еренұлы 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам