- Балалар су бұрқақтарының астында жүргенді жақсы көретіні белгілі, - дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокина. – Ол жерде су ауыстырылмайды және энтеровирус болуы мүмкін. Сондықтан шілде-тамыз айларында ол жерде энтеровирустың жоқ екеніне көз жеткізу үшін бағдарламаға су бұрқақтарын тексеру кіреді. Ертіс өзенің суынан табылмады.  Сондай-ақ, ата-аналардың балалар бассейнге түскен кезде суды жұтпауына көңіл аударғаны дұрыс. 

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, облыста менингококк менингиті тіркелмеген. Маусымдық энтеровирусты ауру - сероздық менингит шілде-тамыз айларында, яғни шомылу маусымында көтерілуі мүмкін. Табиғи ортада айналып жүретін энтеровирус биылғы жылы ағынды кәріз суларында табылған.

Еске сала кетейік, 2018 жылы қаңтар және мамыр айларында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан. Бір және жеті жастағы екі бала стационарда ем қабылдап, толығымен аурудан айығып шықты. Бүлдіршіндермен байланыста болған 208 адам тексерілген.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам