- Жергілікті атқарушы органдарға тағы 15 белгі орнату туралы өтініш жібердік, - дейді облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов. - Осы аптада тағы да қосымша орнатылады. 24 мамырдан бастап күшейтілген режимде жұмыс істеп келеміз. Түбі тексерілген және рұқсат етілген 29 жағажай бар. Оның 16-сы жеке меншік, 13-і коммуналдық. Былтыр 1 маусым - 15 шілде аралығында суға кеткен 14 адамның жетеуі - бала. Биылғы жылы да суда ажал құшқан 15 адамның жетеуі - бала.

Спикердің айтуынша, тұрғындар суға түсудің қаншалықты қауіпті екенін ескере бермейді. 22 адам «Суды ортақ қолдану ережелерін бұзудың» 364-бабы және  жабдықталған орындарда түскен үшеуі  «Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзудың» 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

- Олар арнайы жабдықталмаған орындарда суға түседі, - дейді басшының орынбасары. – Мысалы, Усолка шағын ауданындағы су айдындарында 20 белгі орнатылған болатын. Кеше бесеуі болмай шықты. Адамдар бұл белгіні жұлып тастап, әрі қарай шомыла береді. Демалушыларға бұл жерге  түсуге болмайтытын  ескертсек, тыйым салынатыны туралы белгінің жоқтығын алға тартады. Алысқа жүзіп кетуге және мас күйінде суға түсуге, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Айта кетерлігі, өңірде 22 құтқару бекеті мен 104 қоғамдық құтқарушы бар. Оның 21-і Баянауыл ауданының курорттық аймағында орналасқан.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам