Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөлімі коммуналдық меншікті пайдалану секторының меңгерушісі Әлібек Оразалин хабарлады.

- Биылғы жылы облыстық бюджеттен 300 ауланы жарықтандыруға 500 млн теңге бөлінді, - деді Әлібек Оразалин. - Бұл Павлодарда орамішілік аумақтардың жалпы санынан 60-70%-ға жуығын құрайды. Өткен жылы азаматтардың өтініштері негізінде талдау жүргізілді. Сонымен қатар бізде асфальт төселген, бірақ жарықтандырылмаған аулалар бар. Автомобиль жолдары секторымен бірге тізім қалыптастырылды және оны Павлодар қаласының әкімі бекіткен.

Жұмыстарды «Астана Базис А» ЖШС Қарағанды фирмасы жүргізеді. Қазір мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде: іргетас құю, жарықтандыру тіректерін орнату үшін негіз дайындау.

Бүгінгі күні 300 мырышталған сегіз қырлы алты метрлік тіректерді орнату үшін жұмыстар дайындалуда. Шамдар жарықдиодты, энергия үнемдейтін 70 Ватт болады. Мамандардың есептеуі бойынша орта есеппен алғанда әр аулаға төрт-бес тіректен келеді. Әр аулаға қажеттілік бойынша орнатылады.

Жұмыстарды биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ фирма қызмет көрсетуге бір жыл кепілдік береді.

- Бүгінгі таңда Зеленстрой шағын ауданы толық көлемде, Екінші Павлодар 90%-ға жарықтандырылды, - деді Әлібек Оразалин.

Келесі жылы Радиозавод және Лесозавод шағын аудандарында жарық орнату жоспарлануда. Осы аудандардан қалалықтардан жазбаша және ауызша өтініштер келіп түседі.

Павлодар қаласы ТКШ бөлімі коммуналдық меншікті пайдалану жөніндегі сектор меңгерушісінің ақпараты бойынша, аулаларды жарықтандыруға өтінімдер қабылдау жалғасуда. Қазір есептеулер дайындалуда. Егер бюджет бекітілсе, мердігерлер арасында байқау басталады.

Павлодарда барлығы 400-ден астам аула бар.


Томирис Бекжан

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам