Сөз басында Эдуард Глазунов Ertis ФО жаттықтырушыларына алғыс білдірді.

- Футбол орталығының есептік жиналысына қатысып, шәкірттерінің ойындарын және жалпы орталықтың жұмысын көрдім, - дейді Эдуард Глазунов. – Орталықтың жұмысын дөңгелетіп, өз шәкірттеріне жақсы жағдай жасаған жігіттерге алғыс айтқым келеді. Жаттықтырушыларымыз өте жақсы жұмыс істеуде.

Эдуард Глазуновтың пікірінше, футбол орталығы жыл сайын өз ойыншыларын Ertis қосалқы құрамына ойыншылар әзірлеп, жас футболшылар сол жерден негізгі ойыншылармен бәсекелесуі керек

- Жастар бәсеке елегінен өтіп, өздерінің мықты екендерін дәлелдеуі тиіс, - дейді Эдуард Глазунов. – Мұны кеңестік дәуір кезінде өз басымнан өткіздім. Қазақстанда бәріміз қазақ болдық. Ол кезде шекаралар жабық болған жоқ. Ресейліктер, украиндар біздің клубтарда ойнады. Алайда, біздер – қазақтар бәсекеге қабілетті екендігімізді дәлелдеп, өз клубтарымызда басым болдық. Оған қоса, біздің ойыншылар «Днепр», «Ротор», «Спартакта» да ойнады.

Анық болғандай, Ertis ФК спорттық директоры ұлттық чемпионаттағы лимитке қарсы. Эдуард Глазунов айтқандай, Қазақстан футболындағы жасқа, азаматтыққа қатысты шектеулер алынып тасталғаны футболдың дамуына жол ашады.

Айбек Жұматов

Фото: Ertis ФК 

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, ҚПЛ, Премьер-Лига, футбол