Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйля Ахметованың айтуынша, ауқымды шара 20 шілде, сенбі күні өтеді.

- Ертеңнен бастап, шағын аудандар мен ауылдық аймақтарда мерекелік бағдарламар ұйымдастырылады, - дейді Нәйля Ахметова. – Биылғы жылы бірінші рет шағын аудандар қамтылып отыр. Мерекелік концерттер мен тұрғындарға түрлі дәм ұсынылады, сауда-саттыққа қатыса аласыздар. Пәтер иелері кооперативтері жұмылдырылған.

Бөлім басшысының айтуынша, мұндай форматта өткізуді алдағы уақытта дәстүрге айналдыру көзделіп отыр. Бұл шараларға шамамен 2000-ға жуық адам тартылады.

Негізгі шара тұрғындара ыңғайлы болу үшін кешкі уақытта «Ertis Promenade» сахнасында басталады. Бұл күні «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағын беру, «Үздік аула», «Үздік үй» және «Жомарт жүрек» аталымдары бойынша марапаттау рәсімі жүргізіледі.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары  «Формат» тобы, Дастан Оразбеков сияқты қазақ эстрадасы жұлдыздары мен шетелдік «Morandi» тобының өнерін тамашалай алады.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам