Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Осы орайда елорда әкімдігі мен Азаматтық авиация комитеті Қытайдың ірі әуе компанияларының бірі China Eastern Airlines, сондай-ақ қытайлық бюджеттік компания Urumqi Airlines-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

Бұл тұрғыда «Нұр-Сұлтан-Шанхай» рейсін 2020 жылдың бірінші тоқсанында ашу ескерілген.

Айта кетейік, осы бағытта әуе сапарларын қазақстандық әуе компаниялары да орындайды.

China Eastern Airlines штаб-пәтері Шанхайда орналасқан. Бүгінде әуе компаниясы әлемнің 177 елінде 1 052 бағдар бойынша жолаушылар тасымалын орындап келеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: