Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

- Аталмыш шараға Павлодар қаласы әкімінің аппараты, жергілікті полиция қызметі және жедел-құтқару жасағының өкілдері жұмылдырылды. Рейд барысында жедел құтқару жасағының қызметкерлері 1993 жылы және 1998 жылы туған 2 адамды құтқарды. Олар шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түскен, - дейді департаментте.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарды тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және шомылған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 15 адам суға кетті, оның 7-еуі - бала, тек өткен демалыс күндері 6 адам суда ажал құшты, оның ішінде төрт бала бар.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам