Бұл туралы Ақсу қаласының әкімдігі мәлім етті.

- Екінші баланың денесін туыстары тапты. Оның денесі кешкісін шамамен сағат 9-да қайтыс болған жерден 700 метр қашықтықта судың бетіне шықты, - деп хабарлады Ақсу әкімдігінде. - Бүгін сағат 10:00-де Ақсу тұрғындары қалалық мешітте балалармен қоштасады.

Еске сала кетейік, 13 шілдеде Ертіс жағасында  жұмыс істемейтін мұнай базасы ауданындағы заңсыз жағажайда ақсулық отбасы демалысқа шыққан.

Балалардың әкесінің айтуынша, олар шомылуды жоспарламаған. Пикник кезінде 2004 және 2008 жылы туған екі ағайынды суға батып кеткен.

Іздестіру жұмыстары кезінде 16 шілде күні сағат 10:50 шамасында оқиға орнынан сегіз километр төмен жерде батып кеткен балалардың денесі табылды. Сол кезде қайықта баланың әкесі мен ерікті болған.

 

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам