Бұл туралы облыстық  ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

-  Кезекшілік бөліміне 16 шілде күні сағат 17.03-те баланың денесі табылғаны және судан шығарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол Павлодар қаласында 15 шілде күні шамамен сағат 10.35-те шомылуға арнайы жабдықталмаған орында суға түскен, - дейді департаментте.

Жасөспірімнің денесін іздеуге облыстық ТЖД-ден бес адам мен екі жүзу құралы жұмылдырылып, ағыстың бойымен оқиға болған жерден бір шақырым жерден анықтаған.

Шомылу маусымы басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін 16 адам суда ажал құшқан. Оның сегізі – бала.

Төтеншеліктер күн сайын суға батып кеткендердің саны артып келе жатқанын айтып дабыл қағуда.

- Тыйым салынған жерлерде  өз өмірлерін қатерге тігіп, суға түспеуді ескертеміз. Сондай-ақ, ересектер демалуға барған кезде балаларды қараусыз қалдырмау қажет, - дейді департаментте.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден  

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам