Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап   хабарлайды.

Өткен түнде Сарыағаш шекара жасағының «Қапланбек авто» бөлімшесінде Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігі ұсталды. «Тексеру кезінде оның Ресей Федерациясында іздеуде жүрген автокөлік екені анықталды. Көліктің жүргізушісі 1976 жылы туған Тәжікстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды» делінген хабарламада. Арада екі жарым сағат өткенде Өзбекстанға бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі қолға түсті. Ол да Ресей аумағынан ұшты-күйлі жоғалған. Оның жүргізушісі 40 жастағы ресейлік те полиция қызметкерлеріне табысталды.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: