Сонымен қатар, АӘК отбасының әрбір мүшесіне есептегенде 20 789 теңгеден аспайтын табысы бар отбасыларға ғана беріледі.

Қалған 20%-ы ЖК жабу бойынша құжаттар ұсынбау немесе алиментке беруден бас тарту салдарынан АӘК алмаған.

Жұмыспен қамту орталығының маманы Әлия Тілектестің айтуынша, 1 сәуірден бастап жеті мыңнан астам отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде 2279-ы атаулы әлеуметтік көмек алады, 159 отбасына ресми түрде бас тартылған және қалған 4700 отбасына түрлі кеңес берілді.

- Бүгінгі таңда 2400 өтініш қарастырылуда, - деп хабарлады жұмыспен қамту орталығының маманы. - Жабылмаған ЖК бар адамдарға біз қазір көмектесеміз, сұрау жібереміз. Алимент алғысы келмейтіндерге ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Ата-ана өз баласын тәрбиелеуге қатысуға міндетті, ал алимент отбасының табысы болып саналады. Егер ата-ана алимент төлемесе, өткен тоқсандағы берешек туралы қаулы ұсынылады.

Сондай-ақ тіркеуі жоқ адамдар АӘК ала алмайды. Мұндай жағдайда оларға Қамзин көшесі, 20/1 мекенжайы бойынша тіркелу ұсынылады. Ол жерде тұрғылықты жері жоқ аналар мен балаларды, ал әкелерін Космонавтар көшесі, 50/1 мекенжайы бойынша тіркеуге болады.

- Мемлекеттік көмекті көп балалы отбасылар ғана алмайды, - дейді Әлия Тілектес. - Мысалы, отбасында бір бала болса және бір отбасы мүшесі жұмыс істемейтін немесе еңбек биржасының есебінде тұрған болса, жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Ол жерде отбасы категориясын оның табыстарына сәйкес анықтайды.

АӘК алуға құжаттарды қарау мерзімі - 30 күнтізбелік күн. Қажетті құжаттар тізімі бойынша міндетті түрде жұмыспен қамту орталығына кеңес алуға бару керек, онда әрбір отбасына қандай құжаттарды жинау қажет екенін жеке түсіндіреді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеген кезде тұрғындар өтініш жазып, табысын көрсетеді. Бұл мәліметтерді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көшпелі комиссиясы тексереді.

Томирис Бекжан

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, атаулы әлеуметтік көмек