Вермиферманың бас технологы Елена Чувашова атап өткендей, жабайы құрттан бір жерден қозғалмайтын тұрақтылық және көп қоректену, жылдам көбею сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.

- Бұл жауын құрттары, - дейді Елена Чувашова. - Көпшілік балық аулауға жарай ма және көңдегі құрт па деп сұрап жатады. Бір қарағанда, сырты жауын құртына ұқсас. Қорек ретінде ферменттелген көңді тұтынады. Вермитехнологиямен айналысып жүргеніме көп болды. Жоғары қабаттағы ферменттелген көң арнайы тәсілмен дайындалады.  Жаңа алынған көңді табиғи микроағзалармен ферменттейміз. Бұл құрттардың қорегі. Бұдан кейін төменнен дайын биогумусты аламыз.

Патенттелген технологияның авторлары – Марат Мұратов пен Елена Чувашова.

- Құрттар үнемі жоғарғы қабатта жүретіндіктен, жоғарыдан қоректендіріп, төменнен алынып отырады. Себебі, онда құрттар болмайды. Бұл өте тәртіпті жануар. Вермиложаның үстіңгі қабаты - асхана, одан кейін - өмір сүру аймағы, соңғысы - қалдықтар аймағы. Мысалы,  бал аралардың  қалдықтары болып есептелсе, құрттардың қалдығы - биогумус.

Технологтың айтуынша, биогумустың көңнен айырмашылығы келесідей: стерильді және патогенді ағзалар, арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары жоқ. Құрттар әр миллиметр қоректі өзінен өткізген соң залалсыздандырады және копролит, амин және гумин қышқылдар сияқты бірегей сұйықтықпен байытады.

- Әрі қарай құрғақ биогумусты сұйық түріне айналдырдық және оның сапасын жақсарту үшін Ресей мен Канада технологиясын қосып, өз технологиямызды шығардық. Бұл іспен 30 жыл айналысатын белгілі құрт өсіруші Игорь Титов таң қалысын білдірді. Сұйық тыңайтқыш Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіледі және тұтынушылар үшін кері байланыс орнатылған. Жуырда Қостанай облысынан хабарласқан агроном «ВермиТех-Плюспен» өңдегеннен кейін бидайлары құрғақшылық болмағандай өсіп жатқанын айтады. Олар Санкт-Петербург, Украин және біздің препараттың үшеуін тәжірибеден өткізіп, салыстырмалы сараптама жасаған. Бізге келіп жұмыс істеуге ниет білдіруде.

Аталмыш серіктестік тапсырысқа байланысты жылына 300 тоннаға дейін биогумус шығаруға мүмкіндігі бар. Өңірде тың өнімді қолданып көрген 10 шақты шаруашылық оң пікірлерін білдірген. Қыстың күні бұл препараттың 50 тоннасы шығарылған және басым бөлігі сатылып кеткен.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор және Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам