Облыс әкімі Болат Бақауов атап өткендей, қазіргі таңда өңір елді мекендерін орталықтандырылған су құбырларына қосу жөнінде 53 жоба жүзеге асырылуда.

- Биыл олардың 36 жобасы тапсырылады, - дейді Болат Бақауов. – Сапалы ауыз суға қосымша 30 мың адамның қолы жетеді. Нәтижесінде таза сумен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 40%-ға жетеді.

2020 жылы 30 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 9,8 миллиард теңге бөлінді. Қосымша 15 жобаға 11 миллиард теңге қажет.

Үкімет аталған жобаларға қолдау білдіріп, олар жүзеге асырылған жағдайда келесі жылы облыстың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 54,1%-ға жетеді.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: таза су, ауыз су, Болат Бақауов, құбыр