- Форум бақша дақылдары мен мал шаруашылығын өсіруге бағытталған шаруа қожалықтары базасында тимбилдинг түрінде өтеді, - дейді аудан әкімі Абзал Балғабаев. - Бүгінгі күні ауданымыздың жастарың мемлекеттік қызметке тарту мақсатында кадрлық резерв құрылды. Оған ауданның 20 белсенді жастары кірді.Жастар кәсіпкерлігін дамыту аясында «Жалын» ресурстық орталығында кәсіпкерлік қызмет саласында кеңес беріледі. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын қолдау және жылжыту үшін облыстық жастар орталығы ұйымдастырған алаңдарға аудан жастары белсенді қатысады.

«Бизнес-Бастау» жобасы бойынша ауданда жастар арасынан 32 адам оқудан өтіп, сертификат алған. Биылғы жылы 29 жасқа дейінгі жастарға 200 айлық есептік көрсеткіш (505 мың теңге) көлемінде 25 грант беру жоспарланған. Шілде айында 22 грант беріледі.

Тамыздың 13-інен «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқытылу басталады. Бұл жобаға ауданның 42 жастары қатысады. Оларға сертификат алғаннан кейін мемлекеттік грант алуға мүмкіндік беріледі.

«Жас шебер» бағдарламасы бойынша ауданда 18 жастың тізімі құрылған. Бұл тізімге «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысушылар қатарынан 11 жастар енді, 1 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы және «Тамыр» кредиттік серіктестігі арқылы 4 адам несие алады. Тізімге тағыда 2 жас кәсіпкер кірген.

«Бизнес бастау» оқуын өткен 11 адамның ішінен төртеуі мал өсіруге, жетеуі халыққа қызмет көрсету бағытталған. Олардың басым бөлігі қара мал басын сатып алу, шағын ателье және сұлулық салонын ашу, мал бордақылау, наубайханаға арналған құрал-жабдықтар алу, сүт өңдеу үшін алған.

Аққулы ауданында жастар саны 2777 адамды құрайды. Бұл халықтың жалпы санынан 23%. NEЕT, яғни білімсіз, жұмыссыз және біліктілігін арттырмайтын жастардың үлесі 0,9% немесе 24 адам. Облыстық көрсеткіш 5,5%. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,6%. Жас мемлекеттік қызметкерлер саны 16 адам.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам