Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті.

- Қала әкімі Қайрат Нүкенов жаңадан тағайындалған орынбасардың алдына бірқатар міндеттер қойып, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысын жандандыруды, абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді және облыс орталығындағы тұрғын үй құрылысын қатаң бақылауға алуды тапсырды, - деді әкімдікте.

Хасар Хабылбеков 1986 жылы Павлодар қаласында туған, қазақ, екі жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын қаржы мамандығы бойынша және 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін көлік құрылысы мамандығы бойынша тәмәмдады.

Техника және технология магистрі дәрежесі бар – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастады.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарының түрлі лауазымдарында: Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманынан Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылдан 2017 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып еңбек етті.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айынан бастап Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып істеді.

Мемлекеттік қызмет өтілі 5 жыл 10 айды құрайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала, әкімдік, тағайындау, саясат