- 6 тамызда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жобасы (ары қарай – Жоба) келіп түсті, - деді кәсіпкерлер палатасында.

Жоба келесі түзетулерді көздейді:

Уәкілетті ұйымдарға (айырбастау пунктері) жарғылық капиталды 100 000 000 теңгеге дейін ұлғайтуы керек. Қолданыстағы редакцияға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардағы айырбастау пунктері үшін 30 млн теңге, қалалық айырбас пунктері үшін – 20 млн теңге және өңірлік айырбастау пунктері үшін 10 млн теңгеге дейін ұлғайту міндеттеледі.

Айырбастау пунктері өздерінің банк шоттарында теңгеде немесе шетелдік валютада жарғылық капитал (қосымша қор) сомасынан 20% мөлшерде ақшаның болуын қамтамасыз етуі керек.

Кез келген соманы айырбастау кезінде клиенттер жеке куәлік деректері, ЖСН және тұрғылықты жер туралы деректерді берулері шарт (бүгінде аталған талап 500 мың теңгеден астам мәмілелер үшін қолданылады).

Айырбастау пунктерінің жұмыс істеу уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін өзгеруі. Қазіргі таңда айырбастау пунктінің жұмыс істеу уақытын иесі өзі белгілейді.

Жоғарыда аталған өзгерістер шағын және орта бизнестің көптеген субъектілерінің мүдделлеріне әсер ететіндіктен «Атамекен» осы өзгерістерге қатысты пікірлер, ескертулер мен ұсыныстарды ашық жинау жүргізілетіні туралы хабарлайды.

- Бірыңғай позицияны шығару үшін Жоба мазмұнымен танысуды ұсынамыз. Жобаға қатысты ескертпелер мен ұсыныстарды 12 тамызға дейін электронды поштаға жіберуді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Электронды пошта: a.tazhibaeva@atameken.kz, анықтама телефоны: 8 (7172) 919-358.

Жоба мәтінімен «Атамекен» сайты «Бизнес және Заң» бөлімінде немесе Ашық НҚА сайтында танысуға болады.

Фото: inbusiness.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: