Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балғожин мәлім етті.

- Қайта құрылған Агенттікте жемқорлықты алдын алуға басымдық беріледі, - деді Ардақ Балғожин. – Бұл бағытты күшейту үшін Орталық аппаратта жаңа департаменттер құрылды: алдын алу департаменті, парасаттылық департаменті және серіктестік департаменті. Өңірімізде алдын алу және парасаттылық басқармалары құрылды. Бірінші бағыт - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, адалдық, этикалық, жемқорлықсыздық қасиеттер бойынша адамдардың санасын өзгертумен айналысады. Екінші бағыт - жемқорлықты тудырған жағдайлардың себептерін жою, анықтау, жүйелі сараптама мен жемқорлыққа қарсы мониторингпен айналысады.

Спикердің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары және азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынас орнату назардан тыс қалмайды.

- Алдын алу жұмыстарының басымдылығына байланысты барлық аумақтық департаменттерде алдын алу желісі бойынша бірінші орынбасар лауазымы енгізілді, - деді Ардақ Балғожин. – Қылмыстық-құқықтық шараларды алдын алу шараларын толық қолданған соң іске қосу тәжірибесі жалғасын табады. Оларды қолданудың базалық механизмдеріне жемқорлыққа қарсы мониторинг жатады. Азаматтарды алаңдатқан сұрақтар біздің тарапымыздан ескеріліп, назарға алынады.

БАҚ, интернет кеңістік, әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттарға жүйелі бақылау жүргізіледі.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, сыбайлас жемқорлықпен күрес, орган, басқарма