Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күмісай Асайынова атап өткендей, жарысқа Павлодар облысының құрылысшылары демеушілік етті.

- Жарыс кезінде жеңімпаздарға автокөлік, мотоцикл және ақшалай сыйлықтар табыс етілмек, - дейді Күмісай Асайынова. - Шабандоздар 24 шақырымдық аламан бәйге, сегіз шақырымдық құнан бәйге, екі және 1,6 шақырымдық ұшқыр аттар жарысы бойынша бақ сынасады.

Көрермендер үшін ыстық тамақ, сусындар мен балмұздақтар сату ұйымдастырылады.

«Құлагер» атшабарына (Солтүстік өндірістік аудан, 45) келесідей маршруттар бойынша жетуге болады: №18, 152 автобус (Радиозауыт аялдамасы), 1, 6, 7 трамвай (Инженерлік корпус), №3, 4, 13, 17 трамвай (Веснет).

Жарыстың басталуы сағат 15.00-де. Кіру тегін.

Арслан Ғалымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: ат жарыс, бәйге, ұлттық спорт, «Құлагер» ипподромы