Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева Израиль елшісіне уақыт бөліп жастармен кездесуге мүмкіндік тапқанына алғысын білдірді.

Лиат Вексельман Ертіс өңірінің жастар буынымен қауышқанына риза екендігін айтып, өскелең ұрпақты Израиль елінің білім беру әлеуметімен таныстырды.

- Біздің жоғары оқу орындары өте жоғары деңгейде, - дейді Лиат Вексельман. – Олар әлемнің үздік оқу орындарының санатына кіреді. Мысалға, Хайфадағы Технион атты техникалық университетін алуға болады. Ол әлемдік үздік инженерлік мектептердің жүздігіне енген. Жақында біздің оқу орындар «Болашақ» бағдарламасы арқылы әріптестікке қол жеткізді. Сол себепті мен сіздерді Израильде білім алуға шақырамын.

Облыстық ҚХА жастар қанатының төрағасы Рамиль Смайылов израильдік қонақты «Достық үйінің» тыныс-тіршілігімен таныстырып, Қазақстан жастарының Израиль секілді дамыған елмен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екендігін жеткізді.

Одан бөлек, «Жасыл ел» облыстық штабы аппаратының басшысы Абай Уахит студенттік-жастар жасақтарының жұмысы әңгімелеп, Израиль жастарын әріптестікке шақырды.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Израиль, Айнұр Сәрсенбаева, Лиат Вексельман, білім беру, жастар