Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жойқын дауылға «Лекима» деген ат берілді. Болжамдарға сәйкес, ол Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясына сенбі күні жетеді және ол биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болмақ.

Бүгін жергілікті уақытпен таңғы 8-де «Лекиманың» орталығы Чжэцзян провинциясындағы Вэньлин қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 км қашықтықта болған. Желдің жылдамдығы сағатына 209 км айналасында.

Тайфунның өзі солтүстік-батысқа қарай сағатына 13 км жылдамдықпен жылжып келеді. Дәл осындай жылдамдықпен жүрсе, жағалауға сенбі күні таңертең жетеді.

Бұдан тыс, Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу және Чжэцзян провинцияларында және Шанхайда бүгін түнде нөсер жауады.

pavlodarnews.kz

Тэги: