Май ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұсынған мәдени бағдарламасы аясында көрермендерге жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын әдеби-музыкалық кеш, викторина, бейнефильм және кітап көрмесі сыйға тартылды.

Одан бөлек, Май ауданының кітапханашылары мәдениет және ойын-сауық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп көрерменге «Сахнада кітап» әдісі арқылы «Ақбілек» романының үзіндісін тарту етті.

- Бұл біз қойған бірінші мини-спектакль емес, - дейді аудандық кітапхана әдіскері Айман Бейсекова. – 2017 жылы Ілияс Жансүгіров «Қамар сұлу» романын осы әдіспен көрсеткен едік. Бұл қазақ әдебиетін адамдарға насихаттаудың ұтымды әдісі деп ойлаймыз.

Театрландырылған көріністен бөлек, мәдени бағдарлама ән кешін де қамтыды. Май аудандық ойын-сауық орталығының қызметкері Ғылымхан Ахан қазақтың халық әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айбек Жұматов

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: Жүсіпбек Аймауытов, кітапхана, театр, драматургия