Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, бұл көліктің бағасы комплектациясына қарай 67 144 000-120 344 000 теңге аралығында.

4 тамыз күні Әйтеке би полиция бөлімінің кезекші бөліміне ҰҚК Шекара қызметінің ВЧ-2030 кезекшісінен Ресей аумағы жағынан дала жолымен шамамен 14.20-да Қазақстан шекарасынан Ресей нөмірі бар Bentley Continental GT автомашинасын заңсыз кесіп өткені туралы хабарлама келіп түсті. Машина Қарабұтақ кентіне қарай бара жатқан.

Полиция қызметкерлері Әйтеке би ауданы Комсомол ауылынан 35 шақырым жерде Қарабұтақ - Қостанай тас жолының маңынан темір жол өткелінің жанында табылды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, Ресейдің көршілес Орынбор облысына автокөлік иелерін анықтау үшін сұраныс жіберген. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: