Бейнероликтегі келіншек жолға шығып, жүк машинасының алдына тұрып алып, оның жүрісіне бөгет жасаған.

Аталған оқиғаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

- 2019 жылы 9 тамыз сағат 08:45-те полицияға Бекхожин көшесінде келіншек апаттық жағдай тудырып, көліктердің жүрісіне кедергі жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль шұғыл келіп жетті. Сараптамаға сәйкес, қыздың алкогольдік ішімдік ішу салдарынан орташа дәрежеде мас болғаны анықталды. Қазір ол медициналық сауықтырғышқа енгізілді, - деп хабарлайды полицейлер.

Полицейлердің сөзіне сенсек, павлодарлық қыз Әкімшілік құқық кодексінің 440 және 615 баптары бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Доброе утро на Усолке

pavlodarnews.kz

Тэги: жол, полиция, көлік, әкімшілік құқық, айыппұл