Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, оның күші 23 м/с артуы ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, 15-22 м/с екпіндегі жел болжанады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні – 25 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с артады. Шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл күтіледі. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Сондай-ақ күндіз Алматы, Жамбыл, Ақмола, кей жерлерде Қарағанды облыстарында қатты ыстық болжанады. Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, кей жерлерде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: