Бүгінгі таңда су жүйесінің көп бөлігі – 76 шақырымның 65-і іске қосылды. Баянауылдағы бір жарым мың абоненттің ішінде 150 үй мен әлеуметтік нысандар орталық су жүйесіне қосылған.

- Бұған қоса, бізде су құбырына қосылуға 250-ден астам өтініш бар, - деді Баянауыл ауданы әкімі м.а. Сейітжан Жұмашев. – Сонымен қатар, біз әлеуметтік жағынан осал 37 отбасын анықтадық. Олар жақын уақытта су жүйесіне қосылатын болады.

2017 жылы басталған су жүйесі құрылысының қарқыны туралы Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкіміне айтылды. Болат Бақауовқа хабарлағандай, «КазСтройСервис - 7» ЖШС мердігерлік ұйымына жұмыс сапасына қатысты сұрақтар жоқ. Оған қоса, жұмысқа кепілдік мерзімі – 10 жылды құрайды.

- Барлық кедір-бұдырларды су құбырын тапсырғанға дейін жою керек, - деді өңір басшысы. – Сонымен қатар, құрылыс нысаны кімнің есебіне берілетіні туралы нақты шешім қабылдау керек. Мердігер болашақта су жүйесіне қызмет көрсететіндерді қазірден бастап құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге үйретуі керек.

Бүгінде ауыз суды пайдаланып жатқандардың қатарында 79 жастағы Бибісара Ақышева да бар. Ол екі ұлымен және олардың отбасыларымен бірге тұрады. Әжейдің айтуынша, оның үйінде орталықтандырылған су болатын күнді ұзақ жылдар бойы күткен.

- Мен Баянауыл ауданында 1960 жылдан бері тұрамын, осы уақытқа дейін тұрғындар аудан орталығында су құбырын тартуды күтіп отырды, - дейді Бибісара Ақышева. – Мен осы жұмысқа қатысқандардың барлығына өте ризамын. Бұл біз үшін нағыз мереке!

Мердігер құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауы керек. Алайда, құрылысшылар мерзімінен бұрын өтіп, нысанды қазан айының соңында бітірмек.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, су жүйесі