Облыс орталығындағы өртті сөндіру кезінде зейнеткердің мәйіті табылды.

- 9 тамызда сағат 21:55-те Павлодар қаласы, Карл Маркс көшесі, 232 мекенжайында 150 шаршы метр аумақта өрт шықты, - деді облыстық ТЖ департаментінде. – Дәлізде өрт сөндірушілер 1955 жылы туған үй иесінің мәйітін тапты.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына темекі шегу кезінде абай болмау себеп болған.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Ақсудағы Қамзин көшесі, 12 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің бір бөлмелі пәтерінде шыққан өрттің салдарынан екі бала түтінмен уланған. 17 шаршы метр аумақта үй заттарының өртенгені туралы хабарлама 11 тамызда сағат 02:27-де түскен. Өрт сағат 03:35-те сөндірілді.

- Өрт сөндірушілер мен полицейлер баспалдақпен он адамды эвакуациялады. Оның екеуі – бала. Көрші пәтерде тұратын 2005 және 2013 жылы туылған екі бала түтінмен уланған. Балалар Ақсу қалалық орталық ауруханасына жатқызылды, - деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі баланың да жағдайы тұрақты екенін, олар педиатрлық бөлімде емделіп жатқандығын атап өтті.

Дулат Райымбек
Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, өрт, салдар, ТЖД