Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта есірткі сататын сайттардың жарнамасы бар жазбалар өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

- Есірткі саудагерлері есірткі заттарын сату үшін әртүрлі қулыққа барады, - деді департаментте. – Трафаретті жазбалар мен граффитті суреттер арқылы интернет дүкендерінің сайттарын жарнамалайды.

Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері @sport.ride, @mystyle_pvl қолдауымен сайттардың мекенжайлары бар үйлердің, гараждар мен қоршаулардың қабырғаларындағы қауіпті суреттерді бояу мақсатында Павлодар қаласының аулалары мен көшелерінде кезекті велорейд жүргізді.

Полицейлер облыс тұрғындарын сайттардың деректерін әлеуметтік желідегі өз парақшаларына жүктей отырып, таратышулардың ықпалына түспеуін сұрайды. Бұнымен сіздер қылмыскерлерге көмектесесіздер! - деп ескертеді тәртіп сақшылары.

- Велорейдтің негізгі мақсаты – біздің қаламыздың жастары мен өскелең ұрпақтың есірткі құралдарын пайдалануға еліктіру мүмкіндігін азайту. Сондай-ақ қабырғаларды бояп қоймай, қауіпті «өнер шығармашылықтарына» адамдардың көзқарастарын өзгерту және ойландыруға итермелеу.

Сондықтанда полицейлер есірткі граффиттерінің ісіне куә болған павлодарлықтарды селқостық танытпай, әр факті бойынша дереу «102»-ге хабарлауды сұрайды.

- Нашақорлық мәселесіне және облысымыз бен қаламыздың тазалығына немқұрайлық танытпайтын барлық адамдарды біз әрқашан қолдауға дайынбыз, - деді департаментте. – Тек бірлесе, жұмыла отырып біз есірткі жарнамасының қаламызда таратылуына жол бермейміз.

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, есірткімен күрес, ПД