Бұл туралы BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: Сергей Николаевич Громовтың; Георгий Владимирович Кимнің; Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды", - деп хабарлады Ақордада.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.

Андрей Лукин (Бас прокуратура мен елорда әкімдігінде қызмет атқарды);

Ләззат Сүлеймен (ОСК мүшесі болды);

Қанатбек Сафинов (Энергетика министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы болды);

Дана Нұржігіт (белгілі журналист).

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұртөре Жүсіп те Сенат депутаты болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: