Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 200 шаршы метр жерде құрғақ шөп пен шамамен 30 шаршы метр аумақта алты тонна шөп, 10 қума метр ағаш шарбақ жанып кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 9 адам мен екі техника жұмылдырылды, - дейді департаментте.

Сондай-ақ, Павлодар қаласында Жаңа ауыл көшесіндегі жеке тұрғын үйдің 150 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар мен шлактан құйылған көлікжай, көмір сақтайтын орын, сарай жанған. Көмір өздігінен тұтанған. Жеке құрамнан жеті адам мен екі техника шыққан.

Дорожная көшесі, 53 мекежайы бойынша екі бөлмелі пәтерде және жапсарлас салынған құрылыста 60 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан сыйымдылығы 27 литрлік үш газ баллонын шығарған. Зардап шеккендер жоқ. Электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өрттің шығуына себеп болған. Аталмыш фактіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Екібастұз қаласында Бауыржан Момышұлы көшесінде бір бөлмелі пәтерде 3,5 шақырым аумақта жиһаздар жанып, өрт сөндірушілер екі ересек адам мен бір баланы құтқарған.

Ақсу қаласында Астана көшесі, 58/1 мекенжайы бойынша төрт бөлмелі үйдің ас бөлмесінде электрплитаның үстінде ас қалып қойған. Оқиға орнына тоғыз адам мен үш техника шыққан. Әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам