Облыстық әкімдікте өткен жиында құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов ескірген үйлердің бірнеше тұрғыны алты айға жуық уақыт пәтерлерін босатудан бас тартқанын еске салды. Сол себепті ескісін бұзып, жаңа тұрғын үй салуға тиісті құрылысшылар жұмысқа кірісе алмады.

- Мердігер учаскеге бір апта бұрын кірді, - деп баяндады Павлодар облысының әкіміне құрылыс басқармасының басшысы. – Екіқабатты үйлер жаңа ғана бұзылды.

Кейбір жағдайларда жұмыс қарқыны бойынша құрылысшылардың өзінде кінәрат бар. «СК Строитель» ЖШС Сарыарқа шағын ауданындағы №27 үйді шілде айында тапсыру керек еді. Алайда, екі айға кешігуде. Сондықтан шенеуніктер материалдарды дайындап, компанияны жауапсыз мердігер деп тану үшін сотқа берді. Әсіресе, Болат Бақауов пен панельді үйлер салатын «ДСК Монтаж» ЖШС басшылығы арасындағы әңгіме ауыр болды.

- Адамдар осы фирманың әсерінен біз Сарыарқа шағын ауданынан бір жылға кешігіп шығуымыз мүмкін екенін білуі керек, - деді өңір басшысы. – Ал, біз мұнда барлық жұмыстарды 2020 жылы аяқтаймыз деп жоспарладық. Мен «ДСК Монтаж» ЖШС уақытылы тапсырған бірде-бір үйді көрген емеспін. Панельден үй салатын «ДСК Монтажға» «ГСУ Құрылыс» ЖШС кірпіштен үйді тез салады. Ал, шындығында керісінше болуы керек еді.

Облыс әкімі осы аптада кестеден кешігу байқалатын барлық құрылыс нысандарын аралайтынын мәлімдеді.

- Мәселені сол орында қарастыратын боламыз, - деді Болат Бақауов құрылысшылар мен өзінің қол астындағыларға. – Біз әр үйді құруымыз керек. Мұны қазанда емес, дәл қазір жасау керек. Бізде құрылысшылардың бүгінгі жұмыс жүктемесі мен келесі жылға арналған міндеттері туралы нақты түсінік болуы тиіс.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Сарыарқа шағын ауданы, баспана, құрылыс