Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Шомылуға арналған орыннан шамамен 40 жастағы жергілікті тұрғын 2004 және 2006 жылғы екі баланы алып шықты. Жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз қалған. Судың жағасында жүрген № 42 мектептің оқушысы Матюшонок реанимациялық шаралар жүргізе бастаған кезде құтқарушылар келген. Әрі қарай балаларды жедел жәрдемге тапсырған.

№ 42 жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары Зәуреш Жүсіпованың айтуынша, Дарья Матюшонок өз еркімен «Жас құтқарушы» үйірмесіне қатысады және жаз мезгілінде бос уақытында үнемі «Дельфин» станциясында үйірме жетекшісі Александр Носковқа көмектеседі.

- Өткен жылы да екі баланы құтқарып қалып, медициналық көмек көрсеткен, - дейді Зәуреш Жүсіпова. - Сондай-ақ, мектепте жазғы демалыста «Құтқарушы» клубы жұмыс істейді. Жылына екі рет ПМУ мен ТЖ департаменті оқу-жаттығу өткізіп тұрады. Дарья «Күз ханшайымы» байқауының екі дүркін жеңімпазы. Қазақ тілі пәні бойынша қалалық және облыстық байқауларға қатысады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Индира Лятина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам