Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, автомобиль жолы – негізгі ережелерді білмеу және сақтамау себебінен балалар үшін қауіптіліктің ең жоғары көзі болып табылады. Жолда балалардың қауіпсіз жүріс-тұрысын оқытудың ең тиімді әдісі, яғни балалар өздері тікелей қатысатын, түрлі жағдайларды ойнайтын, өз бетінше дұрыс шешім табуға үйренетін оқытудың белсенді түрі.

Осы мақсатта, полицейлер №29 балабақшада жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына жолдағы негізгі ережелерін ойын түрінде түсіндірді.

- Шара барысында тәртіп сақшылары балаларға қауіпсіздік ережелерін еске салып, жол белгілерінің әліппесімен таныстырды, - деді баспасөз қызметінде. – Балалар алған білімдерін жаяу жүргіншілер өткелімен, жол белгілерімен, бағдаршамдармен жабдықталған арнайы алаңда көрсетті. Сұрақтарға жауап беріп, жол жүру ережелерін білуіне арналған қарапайым тапсырмаларды орындады.

Департамент осы маңызды ережелерді сақтау балалардың жағымсыз жағдайларға түсу ықтималдығын азайтатынын мәлімдеді. Балалардың жолдағы дұрыс жүріс-тұрысы кішкентай жастан басталады. Кішкентай кезінен жол жағдайына бағдарлауға, тәртіптілікке, сақ болуға тәрбиелеу қажет.

- Егер ересектер балаларды жолда қауіпсіз мінез-құлыққа үйретсе, ал, өздері ережелерді бұзса, онда қынжылтарлық нәтиже болуы мүмкін, - деп атап өтті полицейлер.

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жол-көлік оқиғасы, балалар, ПД