Украинаның Бас төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Берегов ауданында болған , деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

 Астан уланған 29 адамның сегізі – жас бала. «12-13 тамыз күндері Берегов аудандық орталық ауруханасына 29 адам (8 бала) жатқызылды. Олар 10 тамыз күні «Семейный уют» мейрамханасында болған тойда (жалпы 190 адам болған) тамақтан уланған», - делінген хабарламада. Қазір індет тарауының алдын алу шаралары жүріп жатыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: