Бұл туралы tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Головкиннің жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге өткізетін екінші жаттығу лагері болмақ. Ол Бэнкспен биылғы көктемнен бері жұмыс істеп келеді.

"Демалыс аяқталды, жұмысқа оралатын сәт жетті", - деп жазды Головкин.

Бұл жазбаға жаттығу лагері орналасқан Big Bear-ден (Калифорния штаты, АҚШ) фото қосты.

Естеріңізге салсақ, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсты (19-0, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын. Енді GGG-дің келесі қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) болады - боксшылар IBF титулын сарапқа салады.

Бұған дейін Головкиннің осы аптада Нью-Йоркте баспасөз мәслихатын өткізетіні хабарланған, мұнда ол келесі жекпе-жегі жайлы ресми хабарлайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: