Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 18 тамыз күні бес адам балық аулауға шыққан, - дейді департаментте. - Келесі күні түске қарай шомылуға арналмаған орында суға түсіп шыққан кезде бір адамның жоқ екенін аңғарған. Алдымен бір сағаттай өздері іздеуге кіріскен, дегенмен нәтиже болмаған соң «112» нөмірі бойынша құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Іздеу-құтқару жұмыстарына жедел құтқару жасағынан жеті адам мен үш техника, бір жүзу құралы жұмылдырылды. Ер адамның денесі кеше, сағат 18.35-те Ребровка ауылынан сегіз шақырым қашықтықта Ертіс өзенінің тармағында табылды.

Еске сала кетейік, облыста шомылу маусымы басталғаннан бері  суға түсуге арнайы жабдықталмаған орындарда 30 адам батып кеткен. Жыл басынан бері балық аулау кезінде бес адам ажал құшқан. 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Индира Лятина

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам