Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 15.57-де № 17 ӨБ-ден 25 шақырым ашық аумақта ағаш қорада тұрған шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 17 ӨБ-ден төрт адам мен бір автоцистерна, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан бес адам, МТЗ-80 жұмылдырылып, сағат 19.15-те сөндірілді, - дейді департаментте.

Бұдан басқа, сағат 17.30-да Екібастұз қаласы Ломоносов көшесі, 11 А корпусында бір бөлмелі пәтерде сөндірілмеген плитада қалып қойған ас тұтанған.

Аталмыш фактіге қатысты әкімшілік өндіріс қолданылды. Оқиға орнына № 2 ӨБ-ден алты адам мен бір атвоцистерна, автосаты, № 6 ӨБ-ден үш адам мен бір автоцистерна шықты.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам