Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Шақыртуға полиция кіші сержанты Жұмажан Құнанбаев қызметтік-іздестіру итімен барды. Бэтти атты полиция көмекшісі бірден ізге түсіп, 23 жастағы жергілікті тұрғынның ақшасын ұрлаған күдіктінің үйіне әкелді. Ұрланған ақша  сол жерден табылды, - дейді департаментте.

Қылмыстың ізін суытпай ашуға күнделікті жаттығулар, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану  септігін тигізді.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Фото: ПД

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам