- Кәсіпорында 1522 адам жұмыс істейді, - дейді персоналды басқару бөлімінің басшысы Оксана Орешко. – Әрбір екінші адамның жоғары білім бар. Жұмыскерлердің орташа жасы 38-ді құрайды. 2019 жылдан бастап медициналдық қолдау көрсету ережесіне мектеп жасындағы балалары бар қызметкерлерге 100 мың теңге көлемінде бір реттік көмек беру қарастырылған. Сондай-ақ, жеке меншік және коммерциялық балабақшаларға баратын мектеп жасына дейінгі балалары бар қызметкерлерге жеңілдік қарастырылған.

Кәсіпорында қызметкерлерді таңдау сапасына ерекше көңіл аударылады. Үміткерлер үш сатылы іріктеуден өтеді: кәсіби тестілеу, құрылымдық бөлімшеде сұхбаттасу және конкурстық қабылдау комиссиясы.

Жас мамандардың басым бөлігін С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Павлодар химия-механикалық колледждің түлектері құрайды. Бұдан басқа, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті сияқты ЖОО-да мамандарды даярлау бағдарламасы аясында конкурстық іріктеу кезінде жоғары нәтиже көрсеткен түлектер оқуға жіберіледі.

2019 жылы бірінші жартыжылдықта оқытуға 43 млн 530 мың теңгені құраған. Бір жұмыскерді оқытуға бөлінген қаржы 13 мың 350 теңгені құрады. Медициналық училищеде алғашқы медициналық қызмет көрсету бойынша 588 адам оқытылды және ағылшын тілін үйретуге көңіл бөлінеді.

- Бүгінгі таңда зауытта Уфа университетін бітірген 23 адам орналасқан, - дейді Оксана Орешко. – Сондай-ақ, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде төрт адам білім алуда. Мамандарды дайындау және қайта даярлау үшін барлық цехтарда оқу класстары теориялық білім беру бойынша мультимедиялық кешендермен және компьютерлермен жабдықталған. Өндірістік қауіпсіздік саласында оқыту аса маңызды орын алады.


Ақбота Сейсенбаева

Фото: Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам